Қаңтардағы жағдайдан кейін 2 мыңнан астам қару әлі табылған жоқ

Сурет: polisia.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев тәртіп сақшылары 1936 қару тәркілегенін, қазір сол қарулардың қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, Талдықорған және Тараз қалаларындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында қызметтік және азаматтық қарулар ұрланғаны баршамызға белгілі. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне шынайы қауіп төндірді. Бүгінгі таңда 860 қару тәркіленді, оның ішіде 475 табельдік және 379 азаматтық қару бар. Қазір ұрланған қарудың 2089 бірлігі анықталмады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев

ІІМ өкілінің айтуынша, оның ішінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 1282 азаматтық қару, 648 табельдік атыс қаруы және 159 жарақат салатын газ және сигналды тапаншалар бар.

Оларды анықтау бойынша жұмыстар әлі күнге дейін жалғастырылуда.Мұхтар Қожаев

Сонымен қатар мақсатты түрде жүргізілген жедел профилактикалық шаралардың нәтижесінде полиция қосымша 1936 қаруды тәркіледі. Олардың көбінің тіркеу нөмірлері қасақана өшірілген.

Сондықтан қазір олардың қаңтар оқиғасы кезінде қолданылған-қолданылмағаны анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі