Теміртау маңында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам мерт болды

Сурет: видеодан алынды
Сағат 12:50 шамасында Бұқар Жырау ауданында Теміртау қаласы мен Қызылқайың ауылы аралығындағы тас жолда жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Shacman маркалы жүк көлігінің (самосвал) 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 38 жастағы ер адам тізгіндеген ГАЗ-53 жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі мен оның жанындағы 21 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, осы көліктегі бала түрлі дене жарақаттарымен Теміртаудағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз