Алматы облысында жол апатынан екі келіншек көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Балқаш ауданы Бақанас ауылының маңында ауыр жол апаты орын алды. Оңтүстіктен бағыт алған Lexus RX-350 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қалбалақтаған көлік ақырында аударылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнында 1981 және 1982 жылғы екі келіншек қаза тапқан. Сондай-ақ, көлік жүргізушісінің өзі түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы, яғни "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліпп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша тергеу амалдары қолға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы