Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
Құрметті достар!Ішкі істер Министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция Департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Бұл қызмет мен үшін жаңалық емес, ал, аймақ - ерекше, әсіресе, үйім, алаңсыз балалық шағым және мектеп осы жермен байланыстырады. Ведомство басшылығының бұл сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда, әділеттілікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктер ашады.Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов
Сонымен қатар, ол бұл - кәсіби өсіп-өнуінің жаңа кезеңі екенін баса атап өтті. Өзінің өмірлік және қызметтік ұстанымдары өзгеріссіз қалғанын айтқан ол, әдеттегідей сындарлы диалогқа ашық және объективті сынды тыңдауға дайын екенін жеткізді.
Менің ақпараттық ресурстарым әлі де қолжетімді.Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Сіздермен қоштасатын кез де келді. Бұл қала туралы менде тек жақсы естеліктер қалды: мен жоғары білімді осында алдым, полицияда 20 жыл қызмет еттім, отбасым Алматыда дүниеге келді.Осы жылдар бойы бізбен бірге тығыз ынтымақтастықта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етіп, қала қауіпсіздігіне үлес қосқан әрбір алматылыққа алғыс айтамын.Алматы облысының қоғам белсенділерімен де осындай жемісті ынтымақтастық болады деп үміттенемін.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, достар! Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов