Полицейлер Қазақстанда көліктерді заңсыз тіркеді деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі Қазақстанға көрші елдерден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеуге қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр. Бұл туралы брифингте ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігі заңсыз әрекеттерге барған полицейлерді анықтау үшін түбегейлі шаралар қабылдап жатыр. Қазір ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы еліміздің жеті облысында көршілес елдерден әкелінген көліктердің Қазақстанға заңсыз тіркелуі бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр.ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек

Ведомствоның мәліметінше, кейінгі үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркеліп, мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам шығын келген.

Мысал ретінде олар Шымкентте ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің арнайы операциясын келтіріп, нәтижесінде көрші елдерден әкелінген көліктерді кедендік баж, қайта өңдеу және мемлекеттік баж салығын төлемей заңсыз тіркеу схемасының жолы кесілді.

Сот санкциясымен қалалық Полиция департаментінің процессингтік орталығының екі қызметкері қамауға алынды. Тек Шымкентте Қазақстанда заңсыз тіркелген 53 көліктен мемлекетке 320 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.Шұғыла Тұрлыбек

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, қылмыстық топқа процессингтік орталық қызметкерлеріне жақын адамдардан делдалдар, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «көмекшілер» деп аталатын адамдар мен жалған сенімхаттар берген нотариустар жатады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды