Алматыда ажырасқан әйеліне пышақпен тап берген ер адам қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1 тамызда аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Прокуратураның келісімімен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, автобустағы әйелді Райымбек Медетбек құтқарып қалды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев оның батылдығы, батырлығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз