Өткен тәулікте Қарағанды облысында үш жол апаты орын алып, төрт адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Өткен тәулікте Қарағанды облысында үш жол-көлік оқиғасы тіркеліп, төрт адам қаза тапты. Оның бірі сағат 01:30 шамасында Ағадыр ауылынан 30 шақырымда “Ақсу – Аюлы – Ағадыр” тас жолында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 тамыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында “Ақсу – Аюлы – Ағадыр” тас жолында Ағадыр кентінен 30 шақырым жерде 20 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, Ағадыр кентіне бағыт алып бара жатып, рөлге ие бола алмай аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Сол күні сағат 13:10-да “Қарағанды – Балқаш” тас жолында Жұмабек ауылына 5 шақырым жетпей 42 жастағы Багем көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, 63 жастағы азаматтың басқаруындағы Lexus көлігімен соқтығысқан. Екі автокөліктің жүргізушілері әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, Lexus автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Сағат 20:11-де “Ялта – Құлайғыр” тас жолында 64 жастағы Toyоta Previa көлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай, 39 жастағы азамат тізгіндеген Lada Priora-мен соқтығысқан. 49 жастағы Lada Priora-ның жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Lada Priora-ның үш жолаушысы, Toyota Previa-ның жүргізушісі мен бес жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қарағанды облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерді осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қарапайым ережелерді сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты