Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға Павлодардағы Естай көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған.
Түннің бір уағында «102» нөміріне бір адам хабарласты. Үйіне жалақысын алып келгенде, әйелі «айлығын» алып, бермей қойғанын айтты. Ол тапқан-таянғанын өзіне жұмсауды жоспарласа, әйелі бұл қаражатты отбасына бір нәрсе сатып алу үшін жинамақ болған.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Арызданушы полициядан құқық бұзушымен арадағы мәселені шешіп беруді талап еткен.
Көрсетілген мекен-жайға келіп, ерлі-зайыптылармен сөйлескен полицейлер бюджетті келісіп жұмсауға көндірді.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Ведомство мұндай арыздар полицияға күн сайын түсетінін және көп жағдайда тәртіп сақшылары қарсыластар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, жол таба алатынын атап өтті.
Дегенмен дәл осындай күлкілі жағдайлар шұғыл шараларды қажет ететін ауыр құқық бұзушылтарды тексеруге тиіс полицияның уақытын алады. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі