Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты тергеу аяқталды

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2022 жылдың шілде айында бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына жолданған.

Полицейлер заңды ұстанбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң және дереу әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Министрлік басшылығы барлық заң бұзушылықтарға қарсы әрекет ету бойынша ұстанымды одан әрі қатаң ұстанатын болады. Кінәлілердің бірде-біреуі жауапкершіліктен жалтара алмайды.ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Шымкент
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады