Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағында әжейді немересімен бірге көлік қағып кетті

Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан немересімен бірге өтіп бара жатқан әжейді көлік қағып кетті. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте сағат 13-45-те Ақтөбе қаласындағы Қонаев пен Құлымбетов көшелерінің қиылысында орын алды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, "Nissan Almera" маркалы көлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 63 жастағы әйел мен кәмелетке толмаған немересін қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, ал кәмелетке толмаған бала Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізілді. Онда балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомстваның мәліметінше, қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды