Ақмола облысында аңшы балықшыны абайсызда атып алды

Сурет: pixabay
Ақмола облысында аңшы абайсызда балықшыны атып алды. Атылған оқ жарықтары ер адамның мойны мен кеудесіне тиген , деп хабарлайды Zakon.kz.

39 жастағы ер адамға үш бытыра тигені анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

Дереу ауруханаға жеткізілген оған ота жасалды.

Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланады.

Ол есін біліп жатты, бірақ қатты шошып қалған. Егер мойнындағы кез-келген ірі тамырды зақымдағанда, онда шаруа тынған болар еді. Атбасар ауданаралық көпсалалы ауруханасының травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Азамат Әбдірахманов

Қару тіркелмеген болып шықты. Оқ атқан адамның жеке басы анықталды. Атбасардың 32 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кем дегенде екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. .

Атбасар АПБ аталған фактіні ҚР ҚК 114-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды