Қарағанды облысында жол апаты орын алып, лауазымды дәрігер көз жұмды

Сурет: pixabay
Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Ақой – Бұрма тас жолында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 қыркүйекте аталған тас жолда 36 жастағы жүргізуші тізгіндеген Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, артынан отқа оранған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі және 39 жастағы жолаушысы, Қарағанды облыстық Полиция департаменті Округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Данияр Тұрбаев әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы лауазымында 2015 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмәмдаған. Төрт баласы бар.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Данияр Тұрбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті