Елордада сотталушыға жолданған сәлемдеме - иіс су құтысынан сим-карталар табылды

Сурет: Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ҚАЖД баспасөз қызметі
Елордада 37 жастағы әйел телефон сим-карталарын иіс су құтысына (дезодорантқа) тығып кіргізбек болды. Заңсыз факт Нұр-Сұлтан колонияларының бірінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Cұлтан қалалық ҚАЖД ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлері сотталушылардың бірімен кездесуге келген 37 жастағы елорда тұрғынының әкелген сәлемдемесін тексеру кезінде шарикті дезодоранттың ішінен полиэтилен пакетке салынған зат табылды. Оның ішінен бірнеше билайн операторының SIM карталары және қуаттандырғыш сымның екі ұшы шықты.

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ҚАЖД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта тыйым салған затты кіргізбек болған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинастырылып жатыр. Сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды алып келгені үшін оған айыппұл салынады немесе ескерту беріледі. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ҚАЖД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты