Алматыда автобус түрткі болған жол апаты кезінде үш бала зардап шекті

Сурет: pixabay
Бауыржан Момышұлы мен Марғұлан көшелерінің қиылысында өткен тәулікте сағат 21:40-та жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yutong автобусының жүргізушісі Момышұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Марғұлан көшесінің қиылысына жеткенде рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, Mercedes-Benz Sprinter және Nissan Tiida көліктерімен соқтығысқан. Одан ары автобус жол жиегіндегі ағашқа соғылып, арыққа түсті.

Алматы қаласы Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріповтың айтуынша, жол апатынан үш кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы туралы істі Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз өндірісіне алды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты