ІІМ: Ресеймен шекаралас аймақтарда нормадан тыс тәртіп бұзушылық анықталған жоқ

Сурет: gov.kz
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ресеймен шекаралас аймақтардағы жағдайға тоқталып, Қазақстан мемлекеттік шекарадан өту ережелерін өзгертуге ниетті ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Ахметжанов заңдық және шарттық қатынастардың бар екенін айтты. Оның сөзінше, шекарадан өту ережелерінде ешқандай өзгерістер қарастырылмаған.

Биыл 9 айда Қазақстанға 1,7 миллион ресейлік келсе, 2018 және 2019 жылдары 3 миллионға жуық ресейліктер келген. Біздің азаматтар да белсенді түрде кетіп жатыр. Күн сайын 40 мың Қазақстан азаматы шетелге шығады. Біз керісінше әсерді қарастыруымыз керек. Бұл өзгерістердің барлығы азаматтарымыздың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан бізде барлығы бақылауда, көші-қон заңнамасы жұмыс істеп тұр, сондықтан заңға қайшы келетін жат құбылыстарды көріп тұрған жоқпыз.Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов

21 қыркүйектен бері Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік кірсе, Қазақстаннан 64 мыңнан астам ресейлік кеткен.

27 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі Қазақстан халқына үндеу жасап, негізгі ережелерді еске түсірді. Шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінің иммигранттары туралы хабарлауға міндетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы