Төреғали Төрәліге қатысты тергеу шаралары қолға алынды

Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде өзіне әнші Төреғали Төрәлі қол жұмсап, қабағын жарғаны туралы айтқан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода қабағы жарылған жігіттің қасында тұрған бір топ адам бұған куәлік етіп, аталған фактіні растайды. Алматы облыстық Полиция департаменті бұл факті тіркелгенін, бақылауға алынғанын жеткізді.

Аталған құқық бұзушылық фактісі 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан ұлттық саябақ аумағында орын алғаны анықталды. Бұзақылық әрекеттер Кеген ауданы ПБ-нің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізу аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Тергеу барысында барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның шынайы мән-жайлары анықталатын болады. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелерін Алматы облысының полиция департаменті өз бақылауына алды. Рүстем Абдрахманов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді