Павлодар облысында полицей суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды

Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
12 жасар Аспандияр мен 11 жасар Қуаныш мектептен кейін Ертістің жағасында серуендеп жүрген. Бір сәтте Қуаныш жарға тым жақындап, суға құлап кеткен. Аспандияр да досын құтқару үшін суға түскен. Суға батқан қос баланы полиция қызметкері Азамат Саянов құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, 5 қазан күні сағат 16:00 шамасында орын алған. Балаларды құтқарып қалған полицей бұл кезде еңбек демалысында болған. Ол қонақтарын күтіп алу үшін паромға келген екен.

Менің мақсатым суға батып бара жатқан балаларды құтқару болды. Маған бұл қиын болған жоқ, себебі бала кезімнен жүзумен айналысамын. Әрбір азамат осылай жасайтын еді деп ойлаймын. Азамат Саянов

Полиция аға сержанты ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді. Балаларын құтқарып қалған полицейге олардың ата-аналары алғыс білдіріп, Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Алғыс хат жолдады. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады