Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматының криминалдық полиция қызметкерлері ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен қылмыскерді түнде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Криминалдық полиция басқармасы мен Түріксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшам ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қашу дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров

Сондай-ақ оның 2022 жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру дерегі бойынша 10 жылға сотталғаны да айтылады. Қашу дерегі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізуде.

Айта кетсек, Алматыда сотталушының тергеу абақтысынан қашып кеткені туралы 14 қазанда белгілі болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті