Алматы облысында жол апаты орын алып, жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Алматы-Бішкек тас жолында үш көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Газель жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолдың сол жақ шеткі жолағымен шығыс бағытта Алматы қаласына қарай ГАЗель жүк көлігі, ал оң жақта – жүк көлігімен параллель BMW көлігі қатар келе жатқан.

Аталған тас жолдың 27-ші шақырымында қос көлік жол бойындағы жанар-жағармай құю бекетіне таяп қалады, ал ол арадан Volkswagen Polo көлігі жолға аяқ-астынан атып шығады.

Алдымен BMW жүргізушісі онымен соқтығыспас үшін тежегішті шалт басады, бірақ көлік ГАЗель жүк көлігі келе жатқан жолаққа ұшып түседі. Екі көлік соқтығысып, жүк көлігі жолды бөліп тұратын металл құрылғыға барып қадалады. Қатты соққы кабинаға келді. Жүргізуші өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды.

Volkswagen Polo көлігі жол апаты болған орыннан қашып кеткен.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен Алматы облысы ПД анықтаушылары жұмыс істеді. Апатты бейнебақылау камераларының көмегімен қайта саралауға мүмкіндік туды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты