Семейде 8 жасар қызды көлік қағып мерт қылды

Сурет: Zakon.kz.
Семей қаласында 8 жасар қыз көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қазанда сағат 18:33-те Lada маркалы көліктің 22 жастағы жүргізушісі Өскемен көшесімен келе жатып, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбегендіктен, жолдағы кішкентай қызды қағып кетті.

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі - "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол жүру ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты