Сәтбаев тұрғынын атып кетті деген күдікпен тағы үш адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Сәтбаев қаласында кісі өлтіруге оқталды деген тағы үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қазанда Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ҚР ІІМ-де тергеу-жедел тобы құрылып, өңірге практикалық көмек көрсету үшін арнайы жіберілді. Сол күні ІІМ және облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Сәтбаевта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жергілікті профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жанжалдың себептері анықталды, қылмыс құралы тәркіленді. Сонымен қатар қалада “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның шеңберінде қоғамдық орындарда және көшелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылды, ойын-сауық мекемелерінің маңында және азаматтардың көп жиналатын басқа да орындарында патрульдеу ұйымдастырылды. Атыс қаруының иелері тексерілді. Оны сақтау шарттарын бұзудың 23 фактісі анықталды. Нәтижесінде 23 атыс қаруы тәркіленіп, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ полицейлер жолдарда құқықтық тәртіпті сақтауды күшейтті – жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесуге және автокөлік құралдарын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді ұстауға ерекше назар аударылды.

Профилактикалық іс-шараның екі күнінде полиция күштерімен 334 құқық бұзушылық анықталды және оның 161-і жол ережесін бұзуымен байланысты. Екі мас жүргізуші ұсталды. Арнайы автотұрақтарға 31 көлік қойылды.

Көшелердегі тексеру кезінде 29 шаншу-кесу және ұру заттары, сондай-ақ екі атыс қаруы тәркіленді. Полицияға 214 адам жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Есірткіге қатысты бір факт тіркелді.

Сонымен қатар басқа қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Сәтбаев қаласының аумағында жедел-тергеу және профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты