Ақмола облысында алты жеңіл көлік тиеген Mercedes аударылды

Сурет: t.me/POLICE_of_KZ
21 қазан күні "Екатеринбург – Алматы" тас жолында жүргізушісі рөлге ие бола алмауы салдарынан 6 жеңіл көлік тиеген Mercedes Actros аударылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Ол жол апатынан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек машиналарға механикалық зақым келді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Материалдық залал нақтыланатын болады.

33 жастағы жүргізушіге қатысты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ол апат орнын қалдырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді, делінген полиция хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды