"Түк болмағандай". Жұртты таң қалдырған желідегі видеоға қатысты түсінік берілді

Сурет: Instagram/skopetroи tipichka_petro
Әлеуметтік желіде ер адамның терезеден тротуарға құлаған видеосы тарады. Ол жерде біршама қимылсыз жатып, одан кейін орнынан тұрып кете барады. Полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 15 қазанда таңертең Петропавл қаласында орын алған. Ғабит Мүсірепов ауданының 38 жастағы тұрғыны бір күн бұрын Петропавлға өз шаруасымен келіп, Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдайды.

Оның айтуынша, пәтерде ол жалғыз болған, сөйтіп ішімдікке бас қойған. Бір уақытта балконға темекі шегуге шыққанда ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлап кеткен. Бір уақытта есін жиып, өз бетімен пәтерге оралған. Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасов

Ер адамның ешкімге шағымы жоқ, медициналық көмекке де жүгінбеген. Сол күннің екінші жартысында ол өз ауданына автобуспен аман-есен аттанып кетті. Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді.

Видеоны мына арадан көруге болады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты