Шымкентте полиция төбелеспек болған футбол жанкүйерлерін тарқатты

Сурет: pixabay
Шымкентте полиция "Ақтөбе" мен "Ордабасы" футбол командалары жанкүйерлерінің арасындағы төбелестің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 қазанда сағат 17.30-да 102 арнасына Шымкент қаласының тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен Ахмет Байтұрсынов көшесінің қиылысында жас жігіттердің жиналып алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақтөбе қаласының 50 шақты тұрғыны ("Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері) Байтұрсынов көшесінің бойында Шымкент қаласының 10 тұрғынын ("Ордабасы" футбол командасының жанкүйерлері) жолықтырып, араларында ауызша жанжал туындағаны белгілі болды. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты. Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Аталған тұлғалардың барлығы Шымкент қаласы ПД әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Жауап алу барысында азаматтар төбелес жайтын жоққа шығарып, бір-біріне қатысты шағымдары жоқ екенін айтты.

Барлық жеткізілген тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полициядағылар.
Ақтөбе
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды