Бірнеше рет сотты болған Алматы облысының тұрғыны Land Cruiser көлігін ұрлап кеткен

Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Бұрын бірнеше рет сотталған Алматы облысының тұрғыны бөтен біреудің жол талғамайтын көлігін ұрлап кетті. Полиция қазіргі уақытта қаскөйдің ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, ер адам екінші ықшам ауданнан Toyota Land Cruiser көлігін байқаған.

Жол талғамайтын көліктің иесіне көлігі қаладан шығып кеткен кезде телефонына GPS қосымшасы арқылы SMS-хабарлама келген.

Полиция көліктің тұрған жерін анықтап, қаскөйді ұстай алды.

Баспасөз қызметі күдікті өз кінәсін толықтай мойындағанын, қазір ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылғанын хабарлады.

31 жастағы К. есімді азамат бұрын алаяқтық және қарақшылық жасағаны үшін сотты болған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз