Алматы облысынан 100 келіден астам ақбөкен мүйізін заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды

Сурет: polisia.kz
4 қарашада Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ҰҚҚД қызметкерлерімен бірлесіп үш ер адамды ұстады. Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер қамауға алынды.

Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов

Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді