Алматы облысында жаппай төбелестен соң 5 адам ауруханаға түсіп, оның бірі көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
6 қарашада сағат 00.55 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне көпсалалы ауруханадан түрлі жақаттары бар 5 адамның келіп түскені туралы ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі алған жарақаттары салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын анықтау, сондай-ақ болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Толыққанды ақпарат кейінірек жарияланатындығы айтылады.

Жол апаты орын алған Есік ауылына бара жатқан Zakon.kz тілшісі жолай полиция экипаждары Түргенге қарай жол тартқанын байқаған. Куәгерлер онда атыс болғанын айтты. Осы фактіні растау мақсатында редакция Алматы облысы ПД-ға сауал жолдады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз