Алматыда ПИК қызметкерлері атын жамылған екеу зейнеткерлерді тонаумен айналысқан

Сурет: polisia.kz
Алматыда ПИК қызметкерлерінің атын жамылған бір әйел мен ер адам зейнеткердің пәтерін тонаумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел уәкілдердің айтуынша, Алматының Әуезов ауданында бірнеше қылмыстық эпизод тіркелген. Біреуінде қылмыскерлер 87 жастағы әжейдің мүлкін ұрлап кеткен.

Қаскөйлер өздерін ПИК қызметкерлеріміз деп таныстырып, алаяқтық жолмен қарттардың пәтерлеріне кірген. Әйел қарттардың назарын аулап тұрғанда қылмыстың тағы бір сыбайласы ұрлық жасаған.

“Шақырылмаған қонақтарды” зейнеткерлердің зәру жағдайда пайдаланамыз деп жинаған ақшасы мен әшекей бұйымдары қызықтырған. Анықталғандай, ұрлықтың өзі аз уақытты алған.

Осыған ұқсас бірінші қылмыс тіркеле салысымен арнайы жедел-тергеу тобын құрдық. Қаскөйлердің қылмыстық әрекетін зерттеп, ізіне түстік. Бейнебақылау камераларының деректері де жақсы көмек болды. Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар 34 жастағы Ж.есімді азамат және 31 жастағы Х.есімді азаматша болып шықты. Екеуі де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі уақытта аудандық ПБ-ның жедел бөлімшесі жалпы шаһарда басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді