"Періштесі қаққан". Алматыда соқтығысқан екі автобусқа қатысты тың видео жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Төле би-Абылай хан көшелерінің қиылысында екі жолаушы автобусы соқтығысты. Қос автобустың бірі тротуарға шығып кетіп, бірнеше адамды қаққан. Осы сәт түскен видеода жаяу жүргіншілердің бірі екі көлік арасында қалып кеткеніне қарамастан аман қалғанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода екі автобус соқтығысқаннан кейін бірі жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға қарай ұшып кеткенін көруге болады. Екеі көліктің екі жаққа кеткен сәтінде ортасында қалып кеткен үш адамның екеуі жерге ұшып түссе, тек біреуіне кездейсоқ түк болмайды.

Ер адам абдырап, шошып қалғанына қарамастан, жерде құлап жатқан зардап шегушілерге жақындап, олардың тұруына көмектесе бастайды. Бұл кездейсоқтық па әлде бағы бар адам немесе періштесі қаққан дейміз бе? Желі қолданушылары бұл видео астына осы сипатта пікір қалдыруда.

8 қарашада Төле би-Абылай хан көшесінің қиылысында екі жолаушылар автобусы соқтығысты. 21 адам медициналық көмекке жүгінді. Бір адам қаза тапты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды