Қызылорда облысының үш тұрғынынан 250 келіден аса заңсыз ауланған балық тәркіленді

Сурет: Қызылорда облысы ПД
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған үшеу ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

8 қарашада сағат 18:00 шамасында Қызылорда облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары және Арал – Сырдарья балық шаруашылық инспекциясы “Охотзоопром” қызметкерлерімен бірлесіп Қараөзекте Уаз автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында  автокөліктен қапшыққа салынған 254 келі балық алынды. Қызылорда облысы ПД

Полиция мәліметінше, үш азамат заңсыз балық аулап, сату мақсатында Қызылорда қаласына жеткізбекші болған. 

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді және олардан ІІО-ға келу туралы міндеттемелер алынды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты