Ақтауда кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен алты жігіт ұсталды

Сурет: Telegram/polisia.kz
Ақтауда дәмханадағы төбелеске байланысты 6 күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ "Кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтап, ұстады.

Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді, делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, 12 қарашада Ақтаудағы "WOW" дәмханасында атыс болды. Маңғыстау облыстық ауруханасына 19 жастағы екі азамат жеткізілді. Олардың біреуі оқтан жараланса, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты тіркелді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады