Алматы облысында жаяу жүргіншілер жолағында 12 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
Шелек ауылында жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан 12 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 16 қарашада сағат 14:00 шамасында орын алған.

34 жастағы "Honda Avancier" маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылында Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшедегі жаяу жүргіншілер жолағынан солтүстіктен оңтүстікке қарай жолды кесіп өткен 12 жасар жасөспірімді қағып кетті. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Көлік тізгінінде әйел адам болғаны да айтылады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді