"Самара-Шымкент" тас жолында жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
19 қарашада "Самара-Шымкент" тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Kia Rio" автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі қолайсыз ауа райын ескермей, жолдың тайғақ учаскесінде көлік тізгініне ие бола алмай жолдың шетіне шығып кетіп, аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі жолаушы - 64 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты, ал жүргізуші жұбайымен бірге ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлағанын, жолдарда көктайғақ пайда болғанын ескертеді. Осыған байланысты елдімекендерден тыс жерлерге алыс сапарларға шықпау ұсынылады.

Соған қарамастан, егер алыс жолға шыққан болсаңыз, жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты