ШҚО-да 18 жастағы үш азамат тергеу изоляторында алғашқы саяси таңдауын жасады

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Өскемен қаласының тергеу изоляторында отырған 300-ге жуық азамат өз құқықтарын пайдаланып, президенттік сайлауда дауыс берді. Оның ішінде 18 жасқа толған үш азамат өздерінің үлкен өмірдегі алғашқы саяси таңдауын осы арада жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңдауымыз арқылы болашағымызға ықпал ете аламыз. Алғашқы саяси құқығымды пайдаланып, өз таңдауымды жасадым, алғаш рет дауыс бердім, - дейді 18 жасқа енді ғана толған тергеудегі азамат.

Мекеме аумағында дауыс беру процесіне сот үкімі заңды күшіне енбеген күдіктілер, айыпталушылар және тергеу барысында қамауға алынған тұлғалар қатысты. Оның ішінде жасы 18-ге енді ғана толған үш тұлға бар. Сондай ақ, дауыс беру барысының заңдылығы мен тергеудегі тұлғалардың құқықтарын қадағалау, қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Куат Рахымбердинның қатысуымен өтті.

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Айта кетсек, сайлау учаскесі Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің №73 мекемесінің акті залында ұйымдастырылып, сайлауға қажетті керек-жарақпен жабдықталып, жасырын дауыс беруге арналған кабинкалар мен мөрмен бекітілген сайлау жәшіктері қойылды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды