Ер адам өзін әйелмін деп таныстырып, қарағандылық тұрғынның ақшасын алдап алған

Сурет: polisia.kz
Қарағанды полиция басқармасына Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ер адам оны бір "әйел" алдап, 350 мың теңгесін иемденіп алғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, жәбірленуші әлеуметтік желіде оған романтикалық кеш өткізуге уәде берген "азаматшамен" танысқан.

"Қызға" деген қызығушылық ол суреттерін жіберген кезде арта түскен, бірақ ол есепшотына белгілі бір соманы аударған жағдайда ғана кездесуге келіскен. Бұл ақшаға кездесудің алдында өзін ретке келтіріп, киім сатып алуы керегін және оған ақша қажет екенін түсіндірген. Ал ер адам оған 350 мың теңге жіберген. Сол уақыттан бері бейтаныс адам байланыспай қойған. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға жүгінген"Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушімен хат жазысып жүрген азаматты ұстады. Ол 28 жастағы жігіт болып шықты. Ол жәбірленушіні сендіру үшін өзін "әйелмін" деп көрсеткенін мойындаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты