Алматы облысында қару-жарақ жасырылған тағы бір орын анықталды

Сурет: polisia.kz
2 желтоқсанда сағат 19:15 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп, қару-жарақ сақталған орынды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талғар ауданының аумағында Алмалық ауылына жетпей жолдың жанынан бұталардың арасынан қытай жол сөмкесі табылды. Оның ішінен 7,62 мм калибрлі бір аңшылық мылтық, кесілген тегіс ұңғылы қарудың екі данасы, пневматикалық тапанша, оқ-дәрілер және 115 түрлі патрон табылды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факт Талғар ауданының полициясында тіркелгені де нақтыланады.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сурет: polisia.kz

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды