Екібастұздағы әкімдік ғимаратына "бомба қойылғаны" туралы хабарлаған күдікті ұсталды

Сурет: Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
6 желтоқсанда сағат 20:30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны хабарлама түскен. Полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоңыраудан кейін бірден барлық қызметтер әкімдік ғимаратына барған, бірақ ешқандай жарылғыш зат табылмады.

"Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта үш қызметкер болды, эвакуация жасалды. Ғимараттан жарылғыш құрылғылар табылмады", - деді Екібастұз полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Полиция күдіктіні - Екібастұз тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындаған.

Азамат 2019 жылы да осындай әрекеті үшін сотталған болып шықты.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз