Ақмола облысының тұрғыны әйеліне пышақ сұққан

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының тұрғыны әйеліне пышақ сұққан. Оқиға 20 желтоқсанда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы сағат 06:55-те құқық қорғау органдарына шақыру бойынша келген жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған. Медицина қызметкерінің айтуынша, көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне кеуде аймағына салынған пышақ жарақатымен 30 жастағы әйел жеткізілген. Жәбірленушінің мекенжайын біліп, оқиға орнына Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді.

Материалдарды бастапқы жинау кезінде әйелге жараны оның жұбайы жасағаны анықталды. Өзі бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктінің белгілерімен бағдарлау дереу патрульдік полиция батальонының барлық жасақтарына берілді. 2 сағаттан өткен соң 26 жастағы ер адамды ППБ экипажы ұстап алып, полиция бөліміне жеткізді.

Сондай-ақ оқиға болған жерді тексеру барысында полицейлер қылмыс құралы – ас үй пышағын тауып, тәркіледі. Ұсталған адамның айғақтарынан оқиға болған түні жұбайы екеуі арасында жанжал болғаны, ер адам сол кеште алкоголь ішкені белгілі болды.

Қазіргі уақытта бұл факт ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторын қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз