Ақтөбе облысында мотоциклмен мал іздеуге шыққан тұрғын жоғалып кетті

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының құтқарушылары мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 36-жастағы ер адамды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 21 желтоқсанда 112 құтқару қызметіне 22:00 сағат Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылының 36 жастағы тұрғыны мотоцикл көлігімен үйінен шамамен 07:40-та мал іздеуге шығып келмегені жөнінде хабарлама түскен.

22 желтоқсан күні 11:00-де Алтай батыр ауылынан 51 шақырым жерде Қараадыр жерінен табылды. Жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖБ 5 қызметкері, 1 бірлік техника, полиция бөлімінен 2 қызметкер, ЖАО 4 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды