Астана тұрғынын ұрып-соғып, 5 мың долларын алмақ болғандар Жамбыл облысында ұсталды

Cурет: polisia.kz
Астана тұрғынын ұрып-соғып, 5 мың долларын алмақ болған екі күдікті Жамбыл облысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 2022 жылғы 26 желтоқсанда Астананың Сарыарқа аудандық полиция бөліміне қаланың 23 жастағы тұрғыны өзін тонамақ болғанын айтып арызданған. Ер адам белгісіз адамдардың оны ұрып-соғып, денесін жарақаттағанын және сөмкесінің ішінен 5 мың доллар қаражатын ұрлау әрекеттері жүзеге аспаған соң, белгісіз бағытқа қашып кеткенін баяндады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу не қылмысқа оқталу) және 191-бабы 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерді іздестіру бойынша бағыттама барлық өңірдегі полиция қызметтеріне жолданған.


Осы жылдың 27 желтоқсанында жамбылдық патрульдік полиция қызметкерлеріне Қарағанды облысынан Түркістан облысы бағытында келе жатқан Daewoo Lacceti аталған күдіктілердің автокөлігі көрсетілген нұсқау берілді. Жедел ізге түскен Жамбыл облысы патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті сағат 12:00 шамасында Алматы – Екатеринбург автожолының 424-шақырымында тоқтатып, күдіктілерді ұстады.

Сонымен бірге көлік құралын тексеру кезінде тіркелмеген қару табылды. Тез арада ұстау орнына Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келіп, тиісті шараларды қабылдады. Қазіргі уақытта Мойынқұм АПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жиналған материалды Астана қаласының Сарыарқа аудандық полиция бөліміне тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды