Қазақстанда заңсыз алынған 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Қазақстанда құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, 15-31 желтоқсан аралығында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау және өткізу орындарын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Базарларда және басқа жерлерде 588 мобильді топ құрылды, оның ішінде табиғатты қорғау органдарымен бірлескен 321 топ та бар. Сондай-ақ 1 837 рейд жүргізілді.


506 адам әкімшілік жауапкершілікке және 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді. 500 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 400 мың теңгесі өндіріліп алынды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полицейлер атап өткендей, құқық бұзушылар, көбінесе шыршалар мен қарағайларды заңсыз кескені үшін, сондай-ақ оларды белгіленбеген жерлерде өсіргені және жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды