Ақтөбеде алкомаркеттің алдында болған төбелестің видеосы тарады

Сурет: pexels
Ақтөбедегі алкомаркеттердің бірінің жанында төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша, 7 қаңтарда Тургенев көшесінде алкомаркеттердің бірінің жанында төбелес болды. Жәбірленуші мен күдіктінің арасында жанжал туған. Жас жігіт жәбірленушіні жарақаттаған.

Полицейлердің мәлімдеуінше, күдікті полицейлерден қашуға тырысқанымен, құтыла алмады. Бейнебақылау камераларының көмегімен 22 жастағы ақтөбелік ұсталды.

Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігімен ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті