"Бізді басынып отыр...". Ақтауда үш бозбала оқушы қызды алып қашты

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде екі бозбаланың кәмелетке толмаған қызды көлікке күшпен отырғызып жатқаны жайлы видео пайда болды. Қыз барынша қарсылық көрсеткені байқалады. Содан кейін көлік белгісіз бағытқа бет алып, ізін суытады. Оқыс оқиға 6 қаңтарда орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздың анасы полицияға арызданды. Кәмелетке толмағанды еркінен айыру фактісі бойынша тергеу басталды.

Көп ұзамай іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Кәмелетке толмаған қыз өзін ұрлаған сыныптасы екенін айтты. Екеуінің арасында романтикалық байланыс болған.

Бозбала үйлену үшін қызды ұрлайтынын бірнеше рет айтқан. Кәмелетке толмаған қыз бозбалаға айып тағудан бас тартып, оның тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері болмағанын жеткізді. Жәбірленушінің сыныптасы мен достарынан да дәл осындай жауап алынды.

Қыз анасына тапсырылды.

Видео мына сілтемеде.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады