Алматы қаласы аудандық сотында азаптау фактісі бойынша Х. Б. және Қ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот 2022 жылдың қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде автокөлікті заңсыз иемденді деген күдікпен Р-дың полиция бөлімшесіне жеткізілгенін анықтады. Одан кейін ол ары қарай тергеп-тексеру үшін Х. Б. және Қ-ға тапсырылады. Б. мен Х. күдіктіні тәртіпсіздіктерге қатысты деп есептеп, зардап шеккен әріптестері үшін кек аламыз деген мақсатпен оған физикалық қысым көрсетіп, күш қолданып, азаптаған.
"Қ. екі әріптесінің қылмыстық іс жасағанын біле тұра, басшылықты бұдан хабардар етпеген. Осылайша құқық қорғау органы қызметкері бола тұра, қылмыстық іс жасалғанда әрекетсіздік танытқан". Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі
Сот үкімімен Б. мен Х. Қылмыстық кодекстің 1-тармағының 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығы шектеле отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үшінші сотталушы - Қ. ҚР ҚК-нің 370-бабының 2-1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.