Шымкентте үй иесі қарызынан құтылу үшін бала күтушінің атынан несие рәсімдеген

Сурет: pixabay
Шымкентте үй иесі бала күтушінің аңғалдығын пайдаланып, атынан несие рәсімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкенттегі Абай ауданының полиция басқармасына Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 2022 жылы шілде айында Шымкентте ауқатты тұратын отбасында бала күтушісі болып қызмет еткен. Сол кезде аталған жанұяның мүшесі жасырын түрде оның телефонын алып, банк қосымшасы арқылы 1 млн теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген. Әйел өз атынан өзге біреудің несие алғанын біліп, жедел түрде полицияға жүгінген.

"Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша жұмыссыз". Polisia.kz

Тергеу барысында ұсталған азаматша бала күтушінің аңғалдығын пайдаланғанын мойындап, заңсыз әрекетке қарызынан құтылу үшін барғанын және бұл үшін өкінетінін айтты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті