Ақтөбелік тергеу изоляторындағы танысына телефонды аяқ киімге жасырып өткізбек болған

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты №70 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде ер адамның қысқы аяқ киімінің табанына мұқият жасырылған екі телефонды тәркіледі, деп хабарлады Zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 31 жастағы М. Қ. есімді азамат абақтыда мас күйінде көлік жүргізді деген айып тағылған күдікті-айыпталушы танысына қысқы аяқ киімнің табанына жасырып, бермек болған.

"Азамат М. Қ. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 791-бабы және 795-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Оразбаев.


Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы