Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ ол көлікті бейтаныс адамнан сұрамай, ұрлап кеткен.
Аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі, "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, делінген полиция хабарламасында.