Жақып Асанов Жоғарғы сот басшысы кезіндегі сәтсіздіктері мен жетістіктері туралы айтып берді

Сурет: sud.gov.kz
Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов қос палата дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Жоғарғы сот басшысы лауазымындағы сәтсіздіктері мен жетістіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселені журналистер қозғады. Олар одан Жоғарғы соттың бұрынғы басшысы ретінде неден ұялғанын сұрады.

"Заң бұзушылықтарға жол берген көптеген әріптестерім үшін ұят. Ал мен өз кезегіде ештеңе істей алмадым. Өткен жылы журналистермен кездескен кезде, олар судья үшін не маңызды деп сұраған еді. Өз кезегінде мен: "Тәуелсіз болу" деп жауап бердім". ҚР Парламенті Сенатының депутаты, вице-спикер Жақып Асанов

Сондай-ақ ол Жоғарғы соттың төрағасы ретіндегі қандай жетістіктерімен мақтана алатынын айтты.



"Өзім мақтан тұтатын бір жетістік бар. Менің бастамам бойынша кездейсоқ адамдар судья болып тағайындалмайтын болды. Соған қол жеткіздік. 5 жыл ішінде менің бір де бір досым немесе туысым судья болған емес. Неге, өйткені біз сондай жүйені жасап қойдық, сүзгілер орнаттық, білімі жоқ кез келген адам әрі білігі де болмаса, судья бола алмайды бізде". Жақып Асанов
Асанов Жақып

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты