Ақмола облысында түсік тастаған әйел өлі шақалақты пешке салып өртеп жіберген

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының Бұланды ауданында қайғылы оқиға орын алды. 32 жастағы Макинск ауылының тұрғыны түсік тастап, өлі шақалақты үйіндегі пешке салып өртеп жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел адам жүктіліктің 24-ші аптасында болған. Кезекті рет акушер-гинекологқа тексерілуге келгенде оның бірнеше күн бұрын үйде босанып қалғаны белгілі болды.

Түсіктен соң бала тіршілік белгісін танытпаған, анасы оның тірі емес екендігіне сенімді болғандықтан, үйдегі пешке салып өзі өртеп жіберген. 26 қаңтарда аудандық аурухананың дәрігері Бұланды аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне аталған жайтты хабарлады.

Түсіктен кейінгі шақалықты анасының өлтіруі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полициядан.


"Тергеу амалдары ҚР ҚК 100-бабы, яғни "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қолға алынды, - деп нақтылайды полиция.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті