Оралда өлген адамның мәйітін 2 күн ешкім байқамаған

Сурет: polisia.kz
Оралда өлген адамның мәйітін 2 күн ешкім байқамаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні 1966 және 1970 жылы туған екі таныс ішімдік ішіп, кейін 1966 жылғы тұрғынның үйінде жалғастырмақшы болған. Екеуі жол-жөнекей сөзге келіспей, үйдің алдында екеуі төбелесіп, 56 жастағы тұрғынға дене жарақатын салған.

Жарақат алып, жерге құлаған кісі сол жерде көз жұмды. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Үйдің айналасы темір қақпамен қоршалғандықтан, аула ішінде 2 күн жатып қалған мәйітті ешкім байқамаған.
 26 қаңтарда күдіктінің өзі полиция қызметкерлеріне хабарласып, таныс досының ессіз жатқанын айтқан. Полицейлер оқиға орнын тексеріп, айғақтарды жинап, кісі өліміне полицейлерді шақырған танысының қатысы бар екенін анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта 1970 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр